Интернет-алаяқтар адамдарды алдау үшін қандай тәсілді жиі пайдаланады

4 Наурыз 2024, 12:00
712
Бөлісу:
Интернет-алаяқтар адамдарды алдау үшін қандай тәсілді жиі пайдаланады
Фото: -архив

Интернет-алаяқтықтардың ең көп саны онлайн-сауда саласында көрінеу жалған хабарландырулар орналастыру арқылы жасалады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ-нің дерегінше, биыл қаңтар айында осындай 1 871 интернет-алаяқтықтың 741-і жасалған.

Бұл ретте алаяқтар шетелдік техникалық алаңдардан қолдана отырып хабарландыруларды орналастырады немесе өздерінің орналасқан жерін жасыру үшін шетелдік сервистерді пайдаланады. Сайттарда авторизациялау үшін «бөгде тұлғаларға» ресімделген қазақстандық және шетелдік ұялы компаниялардың нөмірлері пайдаланылады, - деп айтты Рысбаев Мәжілісте.

Азаматтарды алаяқтық хабарландырулардан қорғау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдарға онлайн-сауда алаңдарымен бірлесіп жұмыс істеу ұсынылады.

Нақтырақ айтқанда, шетелдік байланыс операторының нөмірі бойынша хабарландыру иесіне авторизацияға жол бермеу, сондай-ақ шетелдік техникалық алаңдардан хабарландырулар орналастыру кезінде қазақстандық пайдаланушыларды хабардар ету, әлеуетті сатып алушылар жолдайтын сілтемелер бойынша өтуге тыйым салуға қатысты олар хабарландыруларды орналастырған кезде пайдаланушыларға ескертуді ұйымдастыру, - деді ІІМ өкілі.

Сонымен қатар әртүрлі аймақтарды көрсете отырып, бірдей хабарландырулар орналастырылған IP-мекен жайларын анықтау бойынша техникалық шешімдерді пысықтау керек. Мысалы, бір IP-мекенжайдан бір автокөлікті сату немесе әртүрлі қалаларда пәтерді жалға беру туралы хабарландыру беру.

Өзгелердің жаңалығы