Интерактивті картаның ауызсуға қандай қатысы бар? – Өскенбаев түсіндіріп берді

4 Мамыр 2022, 11:05
1517
Бөлісу:
Интерактивті картаның ауызсуға қандай қатысы бар? – Өскенбаев түсіндіріп берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, ауылдарды сумен қамтамасыз ету барысына мониторинг жасау үшін интерактивті карта әзірлеген. 

Аталған карта ғаламторда қолжетімді. Картада сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету, қаржыландыру көлемі, халық саны, тозу деңгейі және басқа да өзекті ақпарат көрсетілген. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі біздің тұрақты бақылауымызда екенін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар интерактивті картаны сапалы және уақтылы толтыруы қажет, – деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол халықпен кері байланыс орнату мақсатында азаматтардың барлық өтінішін қабылдау мен өңдеуге арналған бірыңғай платформа арқылы картаға қосымша функцияларды қосу бойынша шаралар қабылданғанын алға тартты. 

Сумен жабдықтау желілеріне әкімдіктермен қатар бұл жұмысқа бейінделмеген кәсіпорындар қызмет көрсетеді. Бұл өз кезегінде желілердің тез арада тозуына әкеп соғады және қайта қалпына келтіру үшін қосымша шығынды талап етеді. Осыған байланысты «бір аудан – бір кәсіпорын» қағидаты бойынша су арналарын ірілендіру ұсынылады. Бұл шара көрсетілетін қызмет сапасын және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы