Инсульт алған адамға бастапқы үш айда оңалтудан өту өте маңызды

8 Желтоқсан 2022, 14:31
1706
Бөлісу:
Инсульт алған адамға бастапқы үш айда оңалтудан өту өте маңызды
Фото: Фото: centro-pol.ru

2022 жылы «Аруана» медициналық оңалту орталығында 1700-ге жуық пациент реабилитациядан өтті. Оның бір мыңнан астамы – инсульт алғандар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Аруана» медициналық оңалту орталығының мамандары инсульт, ауыр операциялар мен жарақаттар алған азаматтардың денсаулығын шетелдік әдістемелер көмегімен қалпына келтіріп, аяққа тұруына көмектеседі. Орталық директоры Шынар Мәлік мұнда пациенттерге реабилитациялық көмек тек тегін көрсетілетінін айтып отыр.

2021 жылдан бері медициналық сақтандыру қорымен жұмыс істейміз. Екі жылдан бері клиникада 2600-ден астам адам МӘМС есебінен реабилитациялық көмек алып, қалыпты өміріне оралды, - деді ол.

Клиникада реабилитацияның үшінші және екінші деңгейі, соның ішінде неврология, нейрохирургия, кардиология, кардиохирургия, травматология, ортопедия сынды 6 бағыт бар. Орталықтың клиницист мамандары пациенттерді Еуропа мен Қытайдың тиімділігі дәлелденген әдістемелері негізінде емдейді. Орталық инсульт алған науқастарды ерте оңалтуға баса мән береді.

Шынар Мәліктің сөзінше, инсульт алғаннан кейінгі бастапқы үш айдың берер мүмкіндігі мол. Ем дұрыс болса үш айда адамның өмірін сақтап қана қоймай, ағзаның қызметі бұзылған біршама функциясын қалпына келтіруге болады. Орталықта мұндай пациенттерге білікті психологтар, логопедтер, физиотерапевтер, емдік-шынығу нұсқаушылары және тағы да басқа мамандар қызмет көрсетеді.

Пациенттер орталықта орта есеппен 10 күн емделеді және күн сайын денсаулықты қалпына келтіретін ем-шараларды үздіксіз алып отырады. Массаж, физиотерапия, кинезиотерапия сеанстарынан өтіп, логопед, емдік шынықтыру мамандарымен жұмыс істейді. Жаттығу залы түрлі заманауи қондырғылармен жабдықталған. Пациенттердің туыстарынауқасты дұрыс күтіп-баптау сырларын да үйрене алады.

Өзгелердің жаңалығы