Үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев instagram желісінде жойылған қазақ әндеріне қатысты қандай іс шара қабылдау керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылы күз айында орын алған қазақстандық музыканы Meta платформаларынан алып тастау оқиғасы ұжымдық басқару саласындағы кемшіліктерді айқын көрсетті. Көптеген танымал авторлар мен орындаушылар өздерінің осы платформадағы шығармалары үшін сыйақы алмағандары туралы шағымданды. Осыған орай, бұл саланы цифрландыру қажет. Авторлар мен өзге де құқық иеленушілерге барлық кезеңдерді онлайн форматта қадағалауын мүмкіндігін беру жоспарлануда. Яғни келісім-шарт жасау, сыйақы жинау, бөлу және төлеу кезеңдерін онлайн бақылау,-деді ол.
Оның айтуынша, жасанды интеллект (Ж)элементтері бар цифрлық платформаны енгізу мәселесі қарастырылған.
Сонымен қатар, талдау және есептілік жүйесін енгізу (мемлекеттік тізілімге енгізілген объектілер бойынша), тіркелген зияткерлік меншік объектілері бойынша іздеу жүйелерін жетілдіріп, мобильдік қосымшаны әзірлеу, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияны кеңейту қолға алынады,-деді министр.
Еске сала кетейік, осыған дейін ЖИ сот орындаушының жұмысын жеңілдететіні туралы жазғанбыз.