Instagram-да ұтыс өткізген жетісулықтар 250 мың теңге айыппұл арқалады

18 Сәуір 2024, 12:59
298
Бөлісу:
Instagram-да ұтыс өткізген жетісулықтар 250 мың теңге айыппұл арқалады
Фото: pixabay.com

Instagram-да заңсыз лотерея ұйымдастырған Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты 70 АЕК (қайта жасалған жағдайда 200 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Сонымен қатар министрлік әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдады.

Instagram желісінде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастырудың 10-нан астам фактісі бойынша хаттамалар дайындалып жатыр. 

Министрлік құқық қорғау органдарымен бірлесіп Интернетте лотереяны заңсыз ұйымдастырушылардың қызметін тоқтату жөніндегі жұмысты жалғастырады. 

Өзгелердің жаңалығы