Браконьерлерді ұстамақ болып қаза тапқан инспектор "Айбын" орденімен наградталады

29 Қазан 2019, 17:30
2500
Бөлісу:
Браконьерлерді ұстамақ болып қаза тапқан инспектор "Айбын" орденімен наградталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділ Кенжеғұловты ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградтау туралы құжатқа қол қойды.

"Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын (марқұм)", - деп Қаулы етті президент.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қызылорда облысында 25 қазан күні түнде браконьерлердің ізіне түскен "Охотзоопром" инспекторы жол-көлік апатынан қаза тапты.


Өзгелердің жаңалығы