Инсайдер Роналдудың қай клубқа барғысы келетінін айтты

7 Желтоқсан 2022, 16:35
1176
Бөлісу:
Инсайдер Роналдудың қай клубқа барғысы келетінін айтты
Фото: Tom Weller TASS

Криштиану Роналду «Әл-Насрға» ауысады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін испаниялық Marca басылымы шабуылшының 1 қаңтардан бастап арабиялық клубқа ауысып, әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшы атанатынын жазған еді.

«Жоқ, бұл өтірік. Бұл жалған , - деп жауап берген португалдық шабуылшы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Швейцарияға қарсы ойыннан кейін.

Кешегі матчта Роналду алаңда 17 минут уақыт өткізген.

Бұған дейін португалдықтың «Әл-Насрға» ауыспау себебі де айтылды.

Журналис Николо Скираның айтуынша,  «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартын бұзған португалиялық Чемпиондар лигасында ойнайтын еуропалық топ клубтан дәмелі.

Инсайдердің мәліметінше, 37 жастағы шабуылшы «Аль-Насрмен» келісімшартқа отыруға асықпайды. Ойыншының агенті Хорхе Мендес еуропалық топ-клубпен келіссөздер жүргізуге тырысып жатыр. Ал футболшы үшін басты құндылық ақша емес. 
 

Өзгелердің жаңалығы