Инклюзия бойынша алғашқы бүкіләлемдік конгресс Қазақстанда өтеді

28 Қаңтар 2025, 10:31
289
Бөлісу:
Инклюзия бойынша алғашқы бүкіләлемдік конгресс Қазақстанда өтеді
Фото: Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы

Бұл жаңалық Лондонда өткен білім саласындағы ең ауқымды шара — Bett Show алаңында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бүкіләлемдік конгресс инклюзия саласы бойынша үкіметтің, педагогтердің, технологиялық компаниялардың, сарапшылар мен мамандардың басын қосатын бірегей жаһандық платформа болмақ.

Оның басты мақсаты — заманауи жетістіктерді талқылау, үздік тәжірибелермен бөлісу және инклюзиялық білім беруді дамыту.

Конгресстің келесі негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

• Практикалық іске асыруға басымдық беру;

• Үшжақты тәсіл (педагогикалық инновациялар, технологиялық жетістіктер, корпоративтік ынтымақтастық);

• Жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдануға ерекше назар аудару.

Конгресс инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы халықаралық бастама болады. Бұл беделді халықаралық шараны Қазақстанда өткізу - біздің әділетті және инклюзивті қоғам құруға деген ұмтылысымызды көрсетеді, сондай-ақ білім беру реформалары мен технологиялық инновациялардағы жетістіктерін айқындайды. Оған халықаралық корпоративтік көшбасшылардың қатысуы стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашып, Қазақстанға әлемнің назарын аударып қана қоймай, инвестициялар тартуға ықпал етеді, — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.

Анықтама үшін: 2024 жылы елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны 230 мыңнан асты.

Елдегі мектептердің 90%-да инклюзивті білім беруге жағдай жасалған, ал арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалардың үлесі 80%-ды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы