Инклюзивті білім. Педагогтердің жалақысы 40 пайызға өседі

2 Ақпан 2021, 16:35
12273
Бөлісу:
Инклюзивті білім. Педагогтердің жалақысы 40 пайызға өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Инклюзивтік және арнайы білім басқармасының басшысы Әйгерім Кудеринова баяндады.

Сонымен қатар ол мекемелерді педагогтермен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

Арнайы педагогтерді даярлауға мемлекеттік гранттар саны артты. Типтік штаттарда педагог ассистенттер қарастырылды. Сондай-ақ инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтерге базалық лауазымдық жалақыны 40 пайыз қосымша төлеу көзделді. Біліктілікті арттыру курсынан 5 мыңнан астам педагог өтті, - деді ол.
Инклюзивті білім берудің негізгі қағидаттары «Білім туралы» заңда және «Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген.

Заманауи және халықаралық талаптарды ескере отырып алдымызда ең басты міндеттер тұр. Олардың бірі – ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ерте тексеру және анықтау үшін жағдайлар жасау. Сонымен қатар олардың еміне ерте араласу және түзету үшін жағдайлар жасау. Инклюзивті білім берумен барынша қамтамасыз етумен білім беру ұйымдарында «кедергісіз ортаны» құру. Сондай-ақ педагогтердің әлеуетін арттыру, - деп түсіндірді Әйгерім Кудеринова аппарат жиналасында.
Айта кетейік, Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін 161 мыңнан аса бала бар. Бұған дейін БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің Инклюзивтік және арнайы білім басқармасының басшысы Әйгерім Кудеринова инклюзивті білім беруді нормативтік және әдіснамалық қамтамасыз ету мәселесіне тоқталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы