Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Инфляция: Қазақстанда қандай қызмет түрі қымбаттап жатыр?

Нұрқанат Атажан
3 Шілде 2025, 14:45
1221
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Қазақстанда инфляция қарқын алып келеді. 2025 жылғы мамырда жылдық баға өсімі 11,3%-ға жетті. Соңғы бір жылда ең көп қымбаттаған қызметтер — ұялы байланыс, демалыс шығындары және тұрғын үй-коммуналдық төлемдер, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ranking.kz сарапшыларының дерегінше:

• Ақылы қызметтердің бағасы бір жылда 16%-ға,
• Азық-түлік – 9,6%-ға,
• Азық-түлікке жатпайтын тауарларға – 9%-ға өсті.

2024 жылғы мамыр мен 2025 жылғы сәуір аралығында қызметтер саласында ең қатты қымбаттаған бағыттар:

• Байланыс – +17,6%;
• Мәдениет және демалыс – +17,1%;
• Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер – +15,7%;
• Денсаулық сақтау – +15,5%.

Ең көп өскен қызметтер:

• Ұялы байланыс – +19,5%;
• Сәлемдеме жіберу қызметтері – +17,7%;
• Кешенді демалыс ұйымдастыру қызметтері – +62,3%;
• Балалар аттракциондарына билеттер – +18,2%.

Аналитиктердің жазуынша:

Ең тез жылдамдықпен баға өсімі суық суға төлемақысында тіркелді — +97,6%.
— Кәрізге тарифтер –  +25,1%,
— Орталық жылытуға — +19,2%,
— Газға – +15%.
— Сонымен қатар ыстық су +14,5%,
— Электр энергиясы — +11,2%,
— Тұрғын үйді күтіп ұстау — +10,7%-ға қымбаттаған.

Денсаулық сақтау саласында:

• Медициналық зертханалар қызметтері – +29,2%;
• Дәрігердің алғашқы қабылдауы – +16,3%.

Көлік саласында бағаның өсуі салыстырмалы түрде бірқалыпты:

• Темір жол билеттері — +26,5%;
• Қалалық автобус — +11,1%;
• Ұшақ билеттері — +10,5%;
• Такси қызметтері — ең аз қымбаттаған — орта есеппен +10% ғана.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар Қазақстанды ТМД елдері арасында такси ең қымбат ел деп атаған.

Өзгелердің жаңалығы