Инфляция деңгейін бақылауда ұстаймыз - ҰЭМ

15 Шілде 2022, 15:17
2255
Бөлісу:
Инфляция деңгейін бақылауда ұстаймыз - ҰЭМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді. 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы инфляцияны тұрақтандыру, халықтың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-кредит және салық-бюджет саясатын жетілдіру, нақты секторды қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және автожол инфрақұрылымын дамыту бағыттары бойынша нақты міндеттер қойды, - деп атап өтті ведомство басшысының бірінші орынбасары. 

Сонымен қатар ол құзырлы министрлік қандай мәселелерге тікелей қатысатынына тоқталды. 

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар; тарифтердің күрт көтерілуіне жол бермеу; жаңа салық-бюджет саясаты; квазимемлекеттік секторды реформалауға қатысады, - деді Тимур Жақсылықов. 

Еске сала кетейік, елордада Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша отырыс өтіп жатыр.  

Өзгелердің жаңалығы