Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

23 Қыркүйек 2022, 10:41
817
Бөлісу:
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Иран Шарханұлы Шархан Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Иран Шарханұлы Шархан 1987 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2008 жылы маркетинг бойынша маман болып бастады.

2009-2013 жылдары – Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқық департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасы сарапшысының м.а., сарапшысы, Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы.

2013-2014 – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.

2014-2015 жылдары – Инвестициялар және даму министрлігі Әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары.

2015-2016 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2016-2019 жылдары – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры.

2019 жылы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2020-2021 жылдары – Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы. 

2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болып қызмет етті. 

Өзгелердің жаңалығы