Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Яван теңізінде апатқа ұшыраған индонезиялық Sriwijaya Air әуе компаниясы ұшағының қалдықтары мен бірнеше жолаушының денесі табылды. Бұл туралы korrespondent.net жазды.
Елдің құқық қорғау органдары басқармасының төрағасы Умар Шахабтың айтуынша, табылған денелер мәйітханаға жөнелтіліп, ДНК сараптамасы жасалады.
Сондай-ақ ол теңіздің 23 метр тереңдігінде әуе көлігінің қалдықтары да табылғанын атап өтті.
Индонезия тарапынан апат орнына 10 кеме мен 40 сүңгуір аттандырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Джакартадан ұшып шыққан Sriwijaya Air әуе компаниясының Boeing 737-500 ұшаға Яван теңізі маңында апатқа ұшырағаны белгілі болды. Әуе бортында 65 адам болғаны анықталды. Оның 12-сі экипаж мүшелері, 7 бала мен 3 нәресте. Құтқарушылардың мәліметіне сәйкес, ұшақ апаттық белгі бермеген.