Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Индонезияда жойқын жер сілкінісінен 29 адам зардап шекті

17 Тамыз 2025, 15:49
730
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Индонезияның Сулавеси провинциясындағы Посо маңында болған 5,8 магнитудалы жер сілкінісінен 29 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аnadolu агенттігінің мәліметіне сүйенсек, зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.

АҚШ Геологиялық қызметінің дерегінше, жер сілкінісі жергілікті уақытпен таңғы 05:38-де, Посо қаласынан 15 шақырым қашықтықта тіркелген. Индонезияның Ұлттық төтенше жағдайлар агенттігі (BNPB) 29 адамның жарақат алғанын растады. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Жер сілкінісінен кейін 10 афтершок тіркелген, олардың ең қуаттысы 3,2 магнитуданы құрады, қалғандары орта есеппен 2,0 деңгейінде болған. BNPB мәліметінше, цунами қаупі жоқ. 

Ал жергілікті ақпарат құралдары дүмпудің қуаты 6,0 магнитуда болғанын жазды.

Еске салайық, бұған дейін Жапония жағалауында жер сілкінді.

Өзгелердің жаңалығы