Индонезияда түрмеде өрт шығып, 40-қа жуық адам қаза тапты

8 Қыркүйек 2021, 10:19
9444
Бөлісу:
Индонезияда түрмеде өрт шығып, 40-қа жуық адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезияда түрмедегі өрт салдарынан кемінде 40 адам қаза тапты.

Бұл туралы елдің Әділет және адам құқықтары министрлігі Түрме департаментінің баспасөз хатшысы Рику Априант мәлімдеді, деп хабарлады Рейтер агенттігі.

Ал Франс Пресс агенттігінің мәліметінше, қайғылы оқиға салдарынан 41 адам опат болып, 8 адам ауыр жарақат алды. 72 адам жеңіл жарақат алды.

Белгілі болғандай, өрт түнде Бантен провинциясында болды. Түрме ғимаратынан адамдар әлі де эвакуациялануда. Өрт себептері анықталып жатыр.



Өзгелердің жаңалығы