Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Индонезияда су тасқынынан 36 адам мерт болды

18 Шілде 2020, 14:50
1486
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Индонезияның Оңтүстік Сулавеси провинциясында су тасқыны мен көшкін болып, 36 адам мерт болды. Сонымен қатар, үйлер мен ифрақұрылым нысандары қираған. 

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, 3 мыңнан астам адам өз үйлерін тастап, бас сауғалаған.

Жергілікті билік таратқан мәліметте, 16 адам із-түзсіз жоғалғаны және оларды іздеуге 300 құтқарушы жұмылдырылғаны айтылады.

Провинциядағы 4 мыңнан аса үйді лай су басып қалған. Сонымен қатар, 12,8 шақырымды құрайтын жол, 9 көпір, 13 ғибадат орны, тоғыз мектеп, сегіз кеңсе ғимараты, екі қоғамдық орын мен базарлар бүлінген.
Өзгелердің жаңалығы