Индонезияда Семеру жанартауы бірнеше рет атқылады

Семеру – Бромо-Тенггер-Семеру ұлттық паркінде орналасқан Жаваның ең белсенді вулкандарының бірі.

 freepik Бүгiн 2026, 05:18
Бүгiн 2026, 05:18
82
Фото: freepik

Жава аралының шығысында орналасқан Семеру жанартауы төрт рет атқылап, күлді 600-1000 метр биіктікке шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметі бойынша, атқылаулар кезінде 3,5 км ұзындыққа пирокластикалық ағын (қызған күл, газ және тау сынықтары) қозғалды, сондай-ақ кратерден тасталған тастар да байқалды.

Индонезияның дабыл жүйесіне сәйкес, вулканға үшінші қауіп деңгейі беріліп, оның 5 км радиусында барлық қызмет түрлері шектелген.

Семеру – Бромо-Тенггер-Семеру ұлттық паркінде орналасқан Жаваның ең белсенді вулкандарының бірі.

 

Наверх