Индонезияда Қазақстан мен Димашқа арналған көрме өтеді

7 Маусым 2022, 23:50
1279
Бөлісу:
Индонезияда Қазақстан мен Димашқа арналған көрме өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. 2022 жылғы 29 маусымда Джакартадағы «Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасында» Орындаушыға және оның Отанына арналған «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» атты көрме өтеді.

2022 жылғы 29 маусым мен 8 шілде аралығында өтетін іс-шараны Димаш Құдайбергеннің Индонезиялық фан-клубы Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігімен және Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Индонезиядан келген Dears бұл мүмкіндікке қатты қуанды, өйткені бұл іс-шара индонезиялықтардың көпшілігіне Қазақстанның мәдениетімен және Димаштың дауысымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ екі ел арасындағы достықты нығайтады.

Көрмеде Қазақстанның керемет сұлу табиғатының фотосуреттері, сондай-ақ жергілікті индонезиялық суретшілер жасаған түрлі өнер туындылары ұсынылады. Сонымен қатар, көрменің бірінші күні кітапхананың бас залында Димаштың бір концертінің көрсетілімі өтеді.

Өзгелердің жаңалығы