Индонезияда Мьянмадағы дағдарыс бойынша жиын өтті

12 Қыркүйек 2023, 08:45
501
Бөлісу:
Индонезияда Мьянмадағы дағдарыс бойынша жиын өтті

Индонезияда Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы Мьянмадағы гуманитарлық дағдарысқа байланысты саммит өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басқосуға жиналғандар жылдар бойы жалғасып келе жатқан жанжалды қатаң айыптап, жағдайды одан әрі ушықтыруға жол бермеу керек екенін жеткізді.

Олардың айтуынша, дағдарыстың себептерін түбегейлі жою үшін шұғыл шараларды бастап, ұзақ мерзімді шешімдер қабылдау қажет. 2021 жылдың ақпанында Мьянмада қанды қырғын болған еді. 2 жылда 6 мыңнан астам адамның өмірі қиылды. 24 мыңға жуық азамат қамауға алынды. Мыңдаған үй мен әлеуметтік нысандар қирап қалды.

Өткен жылғы басқосудан кейін Мьянмадағы жағдай одан сайын нашарлап кетті. Зорлық-зомбылық мен кедейлік кәдімгідей белең алған. Осы ретте әлем елдерін Мьянмадағы ахуалды реттеу бойынша бірыңғай стратегия құруға шақырамын, - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Өзгелердің жаңалығы