Индонезияда матч кезінде футболшыға найзағай түсіп, қаза болды

12 Ақпан 2024, 09:49
505
Бөлісу:
Индонезияда матч кезінде футболшыға найзағай түсіп, қаза болды
VIDEO
Фото: pixabay.com

Футбол матчі кезінде индонезиялық "Персикас Субанга" клубының ойыншысына найзағай түсіп, спортшы тіл тартпай кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Voi.id Индонезия жаңалықтар порталының мәліметінше, қайғылы оқиға 10 ақпанда Бандунге қаласындағы "Силиванги" стадионында үшінші лиганың жолдастық матчін өткізу кезінде болған. 

Ойынның 15-ші минутында 30 жастағы спортшыға найзағай түседі. 

Бұған дейін найзағай тартқышқа жай түскен еді. Бірақ оған ешкім назар аудармай, ойынды жалғастыра берді. 

Футболшы дереу ауруханаға жеткізілгенімен, оны құтқару мүмкін болмады. Өкінішке қарай, спортшы қайтыс болды. 

Өзгелердің жаңалығы