Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индонезия Үкіметі Ява және Бали аралдарындағы коронавирустық шектеулерді тағы да ұзартты, деп хабарлайды Kompas.
Коронавирустық шектеулер бір аптаға – 2021 жылдың 20 қыркүйегіне дейін созылды.
Индонезия билігі елде коронавирустың таралуын азайту үшін шектеулерді бірнеше рет ұзартты.
Дүкендердегі немесе сауда орталықтарында орналасқан мейрамханалар мен дәмханалар тек жеткізу және тамақты өзімен алып кету бойынша жұмыс істейді.
Индонезия билігі Ява мен Бали аралдарында енгізілген коронавирустық шектеулерді ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды деп хабарлайды REGNUM агенттігі.