Индонезияда интернетке тәуелділікті шектейтін құрылғы құрастырылды

7 Қараша 2019, 13:19
1824
Бөлісу:
Индонезияда интернетке тәуелділікті шектейтін құрылғы құрастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезияда смартфонды қолдану уақытын шектейтін құрылғы пайда болды. Nettox деп аталатын тың техниканы студент қыз жасап шыққан, деп хабарлады Хабар24.

Оның айтуынша, бұл құрылғы әлеуметтік желіге кететін уақытты бақылап, қажет кезде оған шектеу қоя алады. Қолға таққанда ол қандағы оттегі мөлшері мен жүрек соғуын бақылайды. Жалпы жаңа құрылғыны жасап шығуға 3 ай уақыт кетіпті.

Айта кетейік, бүгінде Индонезия елінде интернетке тәуелділік басты әлеуметтік мәселенің бірі болып отыр.  
Өзгелердің жаңалығы