Индонезияда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

10 Тамыз 2023, 19:05
605
Бөлісу:
Индонезияда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

Индонезияның шығысында орналасқан Малуку провинциясында магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-де болған. 

Сілкіну ошағы Тенггара аймағынан оңтүстік-батысқа қарай 131 шақырым, Малукудың оңтүстік-шығыс бөлігін қамтып, теңіз түбінен 154 шақырым тереңдігінде болған.

Айта кетейік, жер сілкінісі цунамиді туындатпады.

Өзгелердің жаңалығы