Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар

29 Желтоқсан 2020, 12:45
5050
Бөлісу:
Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін тәуелсіздікті мойындаған алғашқы елдердің бірі – Индонезия. Соңғы 27 жыл ішінде Қазақстан мен Индонезия арасындағы екіжақты қарым-қатынастар өте қарқынды дамыды. Екі ел арасында үкіметаралық тіл курсы енгізілді, экономика саласын дамытуда маңызды жұмыстар атқарылды.

Индонезияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рахмат Промоно әңгіме барасында елшілік және Мәдени орталықтың қызметі жайында айтып берді.

Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР-дағы Корея Республикасының Корей мәдени орталығы жайында жазған болатынбыз.

Қазақстан мен Индонезияның ұқсастығы

Индонезияның тарихы 1945 жылы өзге отаршыл мемлекеттен тәуелсіздігімізді алған кезден басталды. Содан бері Индонезия дамыған ел болды. Көптеген саяси аласапыран кезеңдерді де бастан өткердік. Дегенмен елімізді дамытуға күш салдық. Құдайға шүкір, осы уақытқа дейін Индонезияның экономикасы мен халықтың жағдайы жақсаруда. Әрине көптеген өзгеріс болды, - дейді елші.

Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар

Индонезия - бұл архипелагта орналасқан мемлекет. Елде 17 000 арал бар, ал халықтың саны - 260 миллионнан асады. Сонымен қатар, Индонезия да көптеген этникалық топтан тұратын мемлекеттің бірі.

Индонезияда көптеген этникалық топ бар. Біз осы ерекшелігімізбен Қазақстан еліне ұқсаймыз, - деп айтты дипломат.

Айта кетсек, Индонезияда ресми түрде 6 дін тіркелген. Сондай-ақ, әлемдегі мұсылмандардың көп бөлігі Индонезияда тұрады, шамамен 225 миллион мұсылман, яғни жалпы тұрғындар санының 87,2%-ын құрайды. Үлес бойынша ислам – 87,2%, протестанттар – 7%, католиктер – 2,9%, индуизм – 1,7%, буддизм – 0,7%, конфуциандар 0,05% бар. 

Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар

Рахмат Промоно мырза Қазақстандағы дипломатиялық қызметін атқарып келе жатқанына шамамен 4 жыл уақыт болды.

Сұхбат барысында елші мырза КВИ талаптарын сақтап, жұмыс тәртібін елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарай ұйымдастырып келе жатқанын айтты.


Қазіргі пандемия кезінде біз үнемі Қазақстан үкіметінің нұсқаулықтарын орындаудамыз. Алғашқыда қызметкерлердің 30%-і кеңседе, 70%-і қашықтан, жағдай тұрақтала бастағанда 50% қашықтан және 50% кеңседе жұмыс істедік. Кейін 30% қашықтан және 70% кеңседе жұмыс істеді. Бәріміз үшін қиын уақыт болғанымен, біз экономика саласында болашақ қарым-қатынасты дамытуға бағытталған веб-семинарлар мен онлайн-бизнес кездесулер ұйымдастырдық. Бұл іс-шаралар жергілікті кәсіпкерлермен жүргізілді, - деді дипломат.

Индонезия мәдени орталығы не үйретеді?

Индонезияның мәдени орталығы 2015 жылы құрылған.

Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар

2015 жылы ашылған орталықтың мақсаты - дәстүрлі музыканы, индонезиялық билерді, тағамдарды және Индонезия мәдениетіне қатысты басқа да шараларды Қазақстанның жергілікті тұрғындарына насихаттау. Қазіргі таңда Индонезия мәдениетін, оның ішінде индонезия тілін білуге қазақстандық студенттер мен азаматтар қызығушылықтарын көрсетуде. Карантин жағдайында индонезия тілін ақысыз онлайн жүйеде өткізіп келеміз. Сондай-ақ, индонезиялық дәмді тағамдарды пісіруді үйрететін аспаздық онлайн мастер-кластар да ұйымдастырылған. Қызығушылық білдірген кез келген тұрғынды қуана қарсы аламыз, - деп жеткізді Рахмат Промоно.

Аспаздық курстарын елшіліктің Youtube-тегі парақшасынан қарауға болады.

Индонезия тілін үйрену сабақтарына жыл мезгіліне байланысты шамамен 7-11 оқушы қатысуда. Би және музыка сабақтарында да сондай жағдай. Индонезияның дәстүрлі биі мен музыка сабақтарына ересектер мен университет студенттерімен бірге 10 жас шамасындағы кіші оқушыларымыз да бар. Адамдардың қызығушылығы жылдан-жылға артуда, уақыт өте келе студенттер саны көбейіп келеді, - деді ол.

Қазақстандықтарды Индонезия мәдениетімен таныстырып, қызығушылық ояту үшін қандай жұмыстар атқарып жатқандарын айтты.

Мәдени орталық студенттерімен бірге қойылымдар ұйымдастырудамыз. Мысалы, біз өз мәдениетімізді Қазақстандағы көпшілікке таныстыру үшін Хан Шатыр СО-да және университеттерде өнер көрсетеміз, деп атап өтті елші.

Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар

Жалпы, мен қазақстандықтардың мәдениетке деген қызығушылығына тәнтімен. Олар үнемі басқа мәдениеттер, салт-дәстүрлер туралы білгісі келіп тұрады. Менің білуімше, адамдардың көбінде Индонезия жайлы аз болса да хабарлары бар. Осы орайда халықтың біздің мәдениетіміз туралы егжей-тегжейлі білуге қызығушылықтары Индонезия мәдени орталығының ашылуына себеп болды. Орталықта тілімізді, билерімізді, музыкалық аспаптарды үйретіп, сонымен қатар Индонезия тарихын, түрлі этникалық топтар жайлы, өмірлік салт-дәстүрлер туралы сөйлесуге, талқылауға және пайымдауға тырысамыз. Менің ойымша, бұл жергілікті тұрғындардың қызығушылықтарын арттырады, - дейді Рахмат Промоно.

Елші кейде қаладағы бастауыш сынып оқушылары Индонезия жайлы білу үшін Орталыққа келеді. Оларды Орталықтың оқытушылары бамбуктан жасалған дәстүрлі музыкалық аспаптарда, атап айтсам, Angklung аспабында, Gamelan аспабында ойнап, ұлттық биді көрсетіп, тағамдарымен таныстырады. Елші оқушылардың жаңаны көруге, үйренуге деген жоғары қызығушылықтарын байқайтынын жеткізді.

Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар

 Пенчак Силат. Қазақстанға қашан келді?

Пенчак Силат - индонезиялық дәстүрлі жекпе-жек стилі. Ол Индонезия аймақтарының әр түрлі стиліндегі жекпе-жек өнерін біріктіреді. Бұл спорттың бір түрі ғана емес, бұл мәдениет пен дәстүрдің бөлігі.

Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар

Пенчак Силат Индонезияда жүздеген жылдар бойы дамыған. Индонезиядағы Пенчак Силат ұйымы Икатан Пенчак Силат Индонезия деп аталды. Бұл спорт түрі Индонезияда «2018 жылы Азия ойындары» барысында алғаш рет спорт түрі ретінде енгізілді.

Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар

Айта кетейік, Халықаралық деңгейде ЮНЕСКО 2019 жылдың желтоқсанында бұл өнерді Индонезияның өзіндік материалдық емес мәдени мұрасы ретінде таныды.

Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар

Пенчак Силат Қазақстанда 1,5 жыл бұрын пайда болды. Қысқа мерзім ішінде Индонезияның жекпе-жек өнері жас ұрпақ пен басқа спорттың түрлерінің спортшылары арасында танымал болды. 2020 жылдың 8-11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Пенчак Силат Қауымдастығы Индонезия Республикасының Елшілігінің қолдауымен Шымкент қаласында Пенчак Силат Қазақстан Республикасының Чемпионатын өткізді, - деді елші.

Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар

Чемпионатқа 3 жастағы категория бойынша шамамен 300 спортшы қатысты.

Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар

Чемпионат пенчак силат спорт түрінен Қазақстан құрамасын жасақтайды. Біз Индонезия өнерін қызығушылық танытқан спортшылар мен балалар арасында Қазақстанда насихаттау және дамыту үшін Қазақстан Республикасының Пенчак Силат қауымдастығына көмек көрсетуге дайынбыз, - деп атап өтті Рахмат Промоно.

Индонезия мәдени орталығы. Елордалықтарға арналған тегін курстар

 Индонезия Үкіметінің дипломатиялық курстары туралы

Жыл сайын Индонезияда әлемнің түрлі елдеріне арнап, соның ішінде Қазақстанға дипломатиялық курстарды ұсынамыз. Біздің оқу курстарымызға бірқатар қазақстандық қызметкер, әсіресе ҚР Сыртқы істер министрлігі қатысады. Осы оқу курстары біздің сыртқы саясатымызды түсінуге, бүкіл әлемдегі дипломатиялық қоғамдастықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Бұл бағдарлама шамамен 10 жыл жұмыс бойы жүзеге асырылып келеді, - деді дипломат тіл курстары жайында.

 Аталған Үкіметаралық курстарды қазақстандықтар жыл сайын оқып келіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы