Алматыда 30-дан аса зейнеткерді тонаған ер адам қолға түсті

14 Мамыр 2022, 21:44
1829
Бөлісу:
Алматыда 30-дан аса зейнеткерді тонаған ер адам қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық полицейлер 30-дан астам егде жастағы әйелді тонап кеткен ер адамды қолға түсірді. 1984 жылы туған К. есімді күдіктіні Алмалы ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасында ұстады.

Қаланың Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарының аумағында оның 30-ға жуық қылмысы тіркелді. Ол өзіне тек зейнет жасындағы құрбандарды іздеген. Қолында ауыр сөмкесі бар егде жастағы адамдарға әдепті, тәрбиелі адам сияқты көрінген ол, әжелермен әңгімелесіп, сөмкелерін пәтеріне дейін жеткізіп беруді ұсынып, артынша ақша, әмиян, ұялы телефондарын ұрлап жүрген, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдіктінің бұрын да сотты болғаны анықталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Өзгелердің жаңалығы