Індеттен көз жұмған науқас 19 күн Нұр-Сұлтанда емделген

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індеттен көз жұмған науқас 1958 жылы туған Шахтинск тұрғыны 5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық госпитальға түскен.</h4>

3 Мамыр 2020 2020, 13:43
АВТОР
 3 Мамыр 2020 2020, 13:43
3 Мамыр 2020 2020, 13:43
1268

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індеттен көз жұмған науқас 1958 жылы туған Шахтинск тұрғыны 5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық госпитальға түскен.

14 сәуір күні ол COVID-19 коронавирустық инфекциясымен, екі жақты пневмония диагнозымен ауыр халде Нұр-Сұлтан қаласының ауруханасына ауыстырылды. Ер адам 19 тәулік бойы ем алды. Дәрігерлер науқастың өмірін арашалап қалу үшін қолдарынан келген бар әрекетті жасағанына қарамастан, 3 мамырда науқас қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 154 оқиғасы анықталды, оның ішінде екеуі өліммен аяқталған және 68 адам емделіп шықты. 

Наверх