Індетті жұқтыру бойынша алдыңғы қатарда тұрмыз - Атырау әкімі

8 Шілде 2020, 14:06
2100
Бөлісу:
Індетті жұқтыру бойынша алдыңғы қатарда тұрмыз - Атырау әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы коронавирус індетін жұқтыру бойынша республикада Алматы қаласынан кейін екінші орында тұр. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

Республиканың басқа өңірлері секілді бізде де екі апталық карантиндік шектеулер басталды. Осындай қиын жағдайда түсіністік танытқандарыңызға алғысымды білдіремін. Өкінішке қарай, қауіпті індетті жұқтыру бойынша республикада алдыңғы қатарда тұрмыз (Алматы қаласынан кейін екінші орын - авт). Тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігі бізді қатты алаңдатады.  Екі апталық карантиндік шараларға байланысты арнайы өңірлік штаб құрылды. Құрамына көптеген құрылым өкілдері кіретін штаб шектеу талаптарын бақылауда. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін шешуге көмектесіп жатыр. - дейді Махамбет Досмұхамбетов.

Оның айтуынша, облыс аумағында 27 наурыздан 7 шілдеге дейін аралықта 6156 адамнан COVID-19 індеті анықталған. 

Ең көп коронавирус жұқтырғандар Жылыой ауданында тіркелген (2822 адам). Соңғы бір аптада өсу қарқыны 6 пайызды құрады. Аудандық және ауылдық жерлерде той-томалақ пен  жаназаға жиналғандар да вирустың таралуына әсер етті. Коронавирус жұқтырғандардың дені 20 мен 60 жас аралығындағы азаматтар. Осылардың басым көпшілігі скрининг кезінде анықталды. Облыста осыған дейін 1476 адам емделіп шықты. Науқастарды емдеу үшін 1429 медицина қызметкері жұмылдырылды. Кешегі күнге дейін облыста 86 699 ПТР тест жасалды. Облыста 694 инфекциялық, 895 провизорлық, 2328 карантиндік орын бар. Инфекциялық орында 653 науқас ем алып жатыр. Провизорлық орындарда 707 адам бар. Пневоманиямен ауырғандар саны 1307 адамды құрады. Оның ішінде 707 стационарлық ем қабылдауда болса, 600 адам үй жағдайында емделіп жатыр, - дейді әкім.
Өзгелердің жаңалығы