«Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз»: 80 км жолды 10 жыл саламыз ба? - депутат

3 Ақпан 2022, 18:01
2576
Бөлісу:
«Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз»: 80 км жолды 10 жыл саламыз ба? - депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов «Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз» жолдары жұмысының қаржы тапшылығынан тоқтап қалғанын айтты.

Облыстық маңызы бар жолдар туралы айтып кеткім келеді. Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз тас жолы бар. Жол жұмысының басталғанына 4-5 жыл болды. Әлі бітпеді. Қаржы тапшылығына байланысты тоқтап отыр. Биыл 8 млрд теңгенің орнына бар бөлінгені республикалық бюжеттен 2,4 млрд қаржы. Бәрі өңір жолының аяқталуы үшін 10 млрд керек деп есептеп отыр. 80 км жолды 10 жыл жөндейміз бе?, -деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, медігерлер жұмысын жақсы атқаруда.

Қазір жолға 9,5 млрд теңге керек болып тұр. Оны наурыз айында бюжет жоспары құрылған кезде біз өз ұсынысымызды береміз. Ол қаржыны Үкімет қолдап іске берілетін болса толығымен жолдың жобасына жұмсалады, -деді министр.

Қай жылы бітеді, - деп қойды сұрағын  Мәжіліс депутаты.

Көктемде тиісті қаржы 9,5 млрд бөлінсе уақытын нақты айта аламыз. Ал егерде керекті қаржы ол кезде берілмесе келесі жылы қарастырылады, -деп жауап берді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев. 

Өзгелердің жаңалығы