Индер ауданында 43 тұрғын үй пайдалануға беріліді

2 Маусым 2022, 02:22
1833
Бөлісу:
Индер ауданында 43 тұрғын үй пайдалануға беріліді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Индер ауданының әкімі Салауат Өтеғұлов «2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Индер ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл ауданда 7021 шаршы метрді құрайтын 43 тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 48 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, абаттандыру жұмыстары үшін 90 пайыз қаржысы бөлінді. Абаттандыру жұмыстары осы мамыр айының аяғында басталып, алдағы тамыз айының соңына қарай 192 отбасыға, оның ішінде 106 көп балалы отбасы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен осал топтағы отбасыларға беріледі, деді С.Өтеғұлов.


Оның айтуынша, Индербор кентінің оңтүстік батыс бөлігінен ауданы 35 гектар болатын Көктем шағын ауданында 1292 пәтерлік 20 көп қабатты тұрғын үй мен 4 әлеуметтік нысан салу жоспарланып, магистральді инженерлік-инфрақұрылым толық жүргізілген.
 

Одан бөлек, аудан әкімі Индерде «Отбасы банкі» және «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 80 пәтерлік екі тұрғын үй бой көтеріп жатқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы