Атырау облыстық жедел штабынан жолданып жатқан гуманитарлық көмек қазіргі уақытта Индербор кентінде жинақталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Индер ауданы бойынша гуманитарлық көмекті үйлестіруші координатор Алтынбек Маратұлының айтуынша, су деңгейі көтеріліп, эвакуация болған жағдайда және қаламен байланыс үзілген жағдайда жасақталған азық-түлік қоры тұрғындардың қажеттілігі үшін қолданылатын болады.
4 мамыр күнгі мәлімет бойынша, қорда 20 тоннадан астам ұн, макарон, сүт, күнбағыс майы, көкөністер және гигиеналық заттар жинақталуда,- деді Индер ауданы бойынша гуманитарлық көмекті үйлестіруші координатор Алтынбек Маратұлы.
Еске сала кетелік, Индер ауданында 7 елдімекен Жайық жағалауында орналасқан.