Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы 20-21 тамыз күндері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Индер ауданындағы Есбол, Өрлік ауылдарында бөлініп қалған сулардан 108 300 дана балық шабақтарын құтқарып Жайық өзеніне тірі күйінде жіберді,- делінген хабарламада.