Алматыда «FOC 2024: Fats and Oils Conference» ІІІ Халықаралық май конференциясы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі
Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметов мемлекеттің қолдаумен субсидияның арқасында май бағасы арзандағанын атап өтті.
Майдың бағасы соңғы жылдары тұрақты, өсім байқалмайды. Мемлекет тоң май өндірушілерге қолдау жасап, оларға арзан шикізат жеткізіп, дайын өнімін арзан қылуға мүмкіндік беріп жатыр. Осы ретте, ең бірінші күнбағыс өсіріп жатқан шаруаларға көмек көрсетіліп жатыр. Олардың тұқым сатып алуына, тыңайтықыш, техника алуына субсидиялар беріледі. Өңдеуші кәсіпкерлерге де қолдау білдіріліп келеді. Тиісінше, өнімді арзан бағада сатады. Былтыр экспорт көлемі артып, ЕО елдері мен Орта Азия елдеріне жеткізіп отыр, - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметов.
Маманның айтуынша, импорттың өнімдері арзан болса, отандық өнімнің құлдырауына әкеп соқтырмақ.
Импортпен келіп жатқан өнім арзан болса, еліміздің өнімі өтпей қалады. Импорт отандық өнімді құлдыратады. Себебі халық та арзанын алғысы келеді. Дегенмен бұл елдегі кәсіпорынның жабылып, шаруалардың шығынға батуына, ең бастысы, импортқа тәуелдігімізді арттырады. Былтырдан бері импорттың көлемі төмендеп келеді. Бұл отандық өнімге мүмкіндік беріп отыр. Неге баға арзан дегенге келсек, шекара аймағындағы жерлерге біздің өнімнен гөрі шекаралас елдікі арзан болуы мүмкін. Себебі біздің өнімдер жол шығындарының есебінен қымбаттау болады. Сондай-ақ дүкен иелері өзі қалаған бағада сатып жатады. Бұл жерде мониторниг жүргізіп отырудың да маңызы зор, - дейді Шаймерден Ахметов.