Имантау-Шалқар курорттық аймағына 23 млрд теңге тартылады

28 Тамыз 2019, 08:32
2046
Бөлісу:
Имантау-Шалқар курорттық аймағына 23 млрд теңге тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО әкiмдiгiнiң отырысында туризмді дамыту мәселесі қаралды.

Басты назар Имантау-Шалқар курорт аймағына ауды. Қазiр бұл курорт үздiк 10 жобаның қатарына кiредi. Курорттың дамуына 23 млрд теңгеге жуық қаржы құйылмақ. Бұл ақшаға инфрақұрылымды дамыту көзделген. Соңғы 3 жылда Айыртау ауданында 273 шақырым жол жөнделдi. Бұл туристердiң ағымын 40 пайызға ұлғайтуға мүмкiндiк бердi.

«Былтыр курортқа 45 мың адам келсе, биыл 63 адам демалды. Жыл санап жолға бөлiнген қаржы көлемi ұлғайып келедi. 2017 жылы 900 млн теңге, биыл 3,8 млрд теңге жұмсалды», - дедi облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Инвесторлар жыл он екi ай жұмыс iстейтiн демалыс базаларын салады. Биыл Имантау мен Шалқарда 5 жаңа демалыс орны ашылады. «Шалқар су» санаторийi жөнделуде. «Ботай» мұражайы, визит орталығы салынып, Имантау көлiнiң жағажайы абаттандырылмақ.

Өзгелердің жаңалығы