Иманбектің туындысы Еуро-2020 ресми плейлистінен шығарылды

18 Мамыр 2021, 07:45
1264
Бөлісу:
Иманбектің туындысы Еуро-2020 ресми плейлистінен шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Еуропа Чемпионатының ресми плейлистінен бірден бірнеше трек алынып тасталды. Мұның себебі – мәтіндерде бейәдеп сөздердің кездесуі, деп хабарлады Prosports.kz. 

Олардың ішінде қазақстандық Иманбек, ресейлік Моргенштерн және америкалық Fatty Wap бірлесіп шығарған туынды «Leck» әні де бар. 

УЕФА-ның баспасөз қызметі плейлист әзірлеушілерімен байланысқа шығып, мәтіндегі бейәдеп сөздерге байланысты бұл әндерді алып тастауды бұйырған. Әндер плейлист ресми жарияланғаннан кейін жойылды. Трек тізімін футболшылар таңдаған. 

Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2020 коронавирус кесірінен 2021 жылға ауыстырылды. Чемпионат 11 маусымнан 11 шілдеге дейін Еуропаның 11 қаласында өтеді: Санкт-Петербург, Баку, Амстердам, Будапешт, Бухарест, Глазго, Копенгаген, Лондон, Рим, Мюнхен және Севилья.

Өзгелердің жаңалығы