Иманбек шетелде 24 концерт беруді жоспарлап отыр

9 Сәуір 2022, 12:31
1461
Бөлісу:
Иманбек шетелде 24 концерт беруді жоспарлап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сондай-ақ ол жаңа туындысын көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов америкалық әнші Salem Ilese-мен бірігіп жазған жаңа композицияны көпшілікке таныстырды. Бұл туралы музыканттың өзі Instagram желісіндегі парақшасында ақпарат таратты.

Жаңа туындының атауы – «Married to your melody». Тректі бүкіл музыкалық алаңдардан тыңдауға болады. Жуықта ғана Иманбек АҚШ пен Еуропада жеке тур өткізетінін мәлімдеген болатын. Ол тур 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлығы 24 концерт беру жоспарланып отыр. Тур барысында Иманбек Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде концерт бермек.

Өзгелердің жаңалығы