Илья Жақанов пен Төрегелді Шарманов – Қазақстанның Еңбек Ері

18 Наурыз 2022, 08:12
1068
Бөлісу:
Илья Жақанов пен Төрегелді Шарманов – Қазақстанның Еңбек Ері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірқатар азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:

Жақанов Илья – жазушы, Атырау қаласы.

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Шарманов Төрегелді – Қазақ тағамтану академиясының президенті, Алматы қаласы.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 17 наурыз

№ 838

 

Өзгелердің жаңалығы