Илья Ильин зейнеткерлерге азық-түлік жеткізді

24 Сәуір 2020, 19:29
1426
Бөлісу:
Илья Ильин зейнеткерлерге азық-түлік жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин карантин кезінде зейнеткерлер мен тұрмысы төмен отбасыларға қажетті өнімдерді жеткізуді ұйымдастыратын #Bizbirgemiz акциясына қосылды.

Бұл туралы даңқты спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді. 

Айта кетейік, қазір коронавирус пандемиясына байланысты спорттық іс-шаралар толық тоқтатылды. Елімізде коронавирустық инфекциясын жұқтырған 2376 адам тіркелді. 

Карантин режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды.
 

Өзгелердің жаңалығы