Илья Ильин Қазақстан спартакиадасының жеңімпазы атанды

9 Тамыз 2019, 18:35
1547
Бөлісу:
Илья Ильин Қазақстан спартакиадасының жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4-9 тамыз аралығында Алматы облысы, Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ҚР V жазғы спартакиадасы өтті. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтында хабарланды.

Дүбірлі бəсекеде қызылордалық зілтеміршілер табысты өнер көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль иеленді.

102 келі салмақта бақ сынасқан Илья Ильин жұлқа көтеруде 170, серпе көтеруде 200 келіні еңсеріп, екі сайыс қорытындысы бойынша 370 келіні бағындырды. Сонымен қатар, 109 келіде Александр Зайчиков 339 (153+186) келіні көтерді. Сөйтіп қызылордалық спортшылар Қазақстан спартакиадасының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Ал, 61 келіде Азамат Төлеген (106+135=341) күміс жүлдені еншілесе, 76 келіде Динара Қыпшақбай (80+101=181), +76 келіде Айсамал Сансызбаева (99+130=229) жəне 96 келіде Рахат Бекболат(142+170=312) қола жүлделерге қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы