Илон Маск роботаксиді іске қосады

2 Мамыр 2022, 17:25
1472
Бөлісу:
Илон Маск роботаксиді іске қосады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Илон Маск жүргізушісіз такси жасап шығаруға уәде берді. Роботакси Tesla-ның базасында іске қосылады деп хабарлайды Lenta.ru.

Инвесторлар алдында биылғы жылдың бірінші тоқсанының есеп беруі кезінде Илон Маск пилотсыз такси жасап жатқандарын мәлімдеді. Кәсіпкер жоба сұранысқа ие болатынына әрі коммерциялық тұрғыдан тиімді екендігіне сенімді. 

Қоғамдық көліктің жаңа түрін Маск корпорацияның алға жылжуының болашақ драйверлерінің бірі деп атады. Оның айтуынша, жаңа жобаны іске асыруға дайындық қызу жүргізілуде. Роботакси 2024 жылы жұмысын бастайды. 

Осылайша, америкалық концернге екі жыл ішінде тұжырымдамасын айқындап, прототипін жасап, пилотсыз автокөліктерді сынақтан өткізіп, оның өндірісін іске қосумен қатар, заң тұрғысындағы мәселелерді шешіп үлгеру қажет. Алайда роботталған көліктер қала көшелерінде жүретін күн қашан туатыны әлі белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы