Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Илон Маск OpenAI мен Microsoft корпорациясынан 134 млрд доллар талап етуде

Бүгiн, 05:18
166
Бөлісу:
 Mario Anzuoni / Reuters
Фото: Mario Anzuoni / Reuters

Америкалық кәсіпкер Илон Маск OpenAI және Microsoft компанияларынан алаяқтыққа байланысты 79-134 миллиард долларға дейін өтем өндіріп алуды талап етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Сотқа берген арызында Маск 2015 жылы компанияға салған 38 миллион доллар инвестициясынан пайда табуға тиіс екенін, бірақ OpenAI мен Microsoft корпорациялары оның үлесін елеулі түрде азайтқанын мәлімдеген.

Масктың адвокаты Стивен Моло арызда: «OpenAI мен Microsoft Маскты коммерциялық емес модельден бас тартып, Microsoft-пен серіктестік орнату арқылы алдады» деп көрсеткен. Ал OpenAI бұл іс негізсіз әрі қудалау науқанының бөлігі деп жауап берген.

2018 жылы Маск OpenAI директорлар кеңесінен кеткен, ал 2024 жылы сотқа жүгінді. Ол арызында компанияның ағымдағы 500 миллиард долларлық бағалауындағы үлесін жоғалтқанын алға тартқан.

Өзгелердің жаңалығы