«Іле-Балқаш» резерваты аумағындағы өрт оқшауланды

2 Тамыз 2023, 04:35
699
Бөлісу:
«Іле-Балқаш» резерваты аумағындағы өрт оқшауланды

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыс өсімдіктерінің бықсуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 31 шілде күні сағат 20:08-де резерват ақпараты бойынша «Ғарыш Сапары» АҚ ғарыштық мониторингі деректеріне сәйкес жылу нүктелері анықталып, оның барысында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағының солтүстік-шығыс бағытында (1 блок, 1 және 3 учаске), яғни Балқаш ауданының Қараой ауылынан 90 км жерде орналасқан жетуі қиын, батпақты жерде қамыс өсімдіктерінің бықсып жатқаны анықталды. Оқиға орнына «Іле-Балқаш» МТҚ» ӨММ қызметкерлері жіберілді.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Аумағы анықталуда.

1 тамыз күні сағат 18:00-де өрт оқшауланып, қарауылдау жұмыстары жүргізілуде.

Өртті сөндіруге «Іле-Балқаш» МТҚ» ӨММ-нен 11 қызметкер мен 4 бірлік техника жұмылдырылуда.

Өзгелердің жаңалығы