Іле Алатауына шыққан ресейлік туристің жағдайы күрт нашарлаған

4 Тамыз 2021, 10:51
2122
Бөлісу:
Іле Алатауына шыққан ресейлік туристің жағдайы күрт нашарлаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 тамызда сағат 22.10-да Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Ресей Федерациясынан келген туристер тобына құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы ақпарат келіп түскен. Олардың жалпы саны 15 адам болған. 

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Туристер Советов шыңына көтерілген. Шыңды бағындыру кезінде олардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған. Алайда топ ішінде дәрігер болғандықтан, ол науқастанған туристің өт қабында тас болуы мүмкін екенін айтқан.

Репсубликалық жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы мен кинологиялық топ дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты.

4 тамызда туристер Советов шыңының асуынан (теңіз деңгейінен 3700 метр биіктікте) табылды. Жағдайы нашарлаған бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бұл аймақтағы таулы жер таяз және тік жартасты шөгінділерден тұратындықтан, зардап шеккен адамды зембілмен тасымалдауға болмайды. Себебі тасымалдау кезінде қыздың жағдайы одан әрі нашарлауы мүмкін болды. Алматы қаласының құтқару қызметі әуе бортын ұсынды, - делінген хабарламада.
Айта кету керек, бұл топ 29 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағында тіркелгендіктен құтқарушылар туристердің маршрутын білген. Бұл іздеу уақытын қысқартуға көмектесті.

Құтқарушылар зардап шеккен қызды әуе кемесінің көмегімен Үлкен Алматы шатқалындағы тікұшақ алаңына жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне табыстады.

Өзгелердің жаңалығы