Іле Алатау тауларында құтқарушылар үш адамды құтқарды

Бөлісу:
Іле Алатау тауларында құтқарушылар үш адамды құтқарды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында 1998, 2001 және 2004 жылы туған үш жас жігіт тауға шығын, қараңғыда "Лесной" асуынан төмен түскен кезде адасып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өздігінен таудан түсе алмаған олар құтқарушылардан көмек сұраған.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таулы жерлермен екі сағатта жоғалғандарға жетіп, жігіттерді төмен қарай, туыстары күтіп тұрған жерге түсірді. Оларға медициналық көмек қажет емес еді.

Өзгелердің жаңалығы