Илья Ильин бастаған қазақстандық атлеттерді дайындаған атақты бапкер дүниеден өтті

4 Қараша 2020, 14:51
2441
Бөлісу:
Илья Ильин бастаған қазақстандық атлеттерді дайындаған атақты бапкер дүниеден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгарияда дүниеге келген түрік жаттықтырушысы Энвер Түркелери 78 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы спорт журналисі Диас Ахметшәріп хабарлады.

Кезінде Энвер Түркелери секілді маманның Қазақстанға келуі үлкен сәттілік ретінде бағаланды. Өйткен ол сол тұста екі бірдей үш дүркін Олимпиада чемпиондығын шығарған бапкер ретінде тарихта өз есімін жазған болатын. Атап айтсақ,  шәкірттері – Халил МУТЛУ мен  Наим Сүлейманоғлы 4 жылдықтың басты додасын үш рет бағындырған. Одан бөлек, әлем және Еуропа чемпиондары Танер Сагирды, Нұрқан Таюланды да жаттықтырған. 

Түркелери Қазақстанда 2005 жылдан 2019 жылға дейін 14 жыл қызмет атқарды. Оған тағы да келісімшартты ұзарту ұсынылды. Алайда ол бұл жолы демалысқа шығатынын айтқан еді. Ол ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасында бас кеңесші болды. 

Түркелери құрған жүйе – қазақстандық ауыр атлетиканы жаңа деңгейге көтерді. Қаншама чемпиондар шықты. Тек өкініштісі, кейін көбісі допингпен ұсталып қалды. Әйтпесе, Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Мая Манеза,  Ирина Некрасова, Алла Важенина, Светлана Подобедова, Владимир Седов, Мария Грабовецкаяларды чемпион атануына өз үлесін қосқан еді.

Өзгелердің жаңалығы