iKOMEK109 операторлары су басқан жерлердi анықтайды

17 Қазан 2019, 01:23
1709
Бөлісу:
iKOMEK109 операторлары су басқан жерлердi анықтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада iKOMEK109 операторлары барлық су басқан жердi анықтайды. Бұл туралы орталық Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Олар су басқан жерлерді тіркеп, нөсердің салдарын шұғыл жою үшін қала қызметтерінің жұмысын үйлестіреді.

Қалалық бейнебақылау жүйесі тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ нөсер немесе жаңбырдан пайда болған су басу сияқты коммуналдық мәселелерді шешу үшін де пайдаланылады.

Жыл басынан бері iKOMEK109 орталығының операторлары қала көшелерін су басуға қатысты 500 өтініш бойынша жұмыс атқарды. Қазан айының басынан бері жедел ақпаратқа сәйкес, 21 су басу жағдайы тіркелді.

"Құрметті қала тұрғындары, су басқан жерді көрсеңіз, оны суретке түсіріп, бізге WhatsApp +7 747 109 0 109 чат-боты арқылы жібере аласыз", - делінген iKOMEK109 орталығының хабарламасында. 

 

Өзгелердің жаңалығы