ИКАО: Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі 82 пайыз

12 Шілде 2023, 13:15
684
Бөлісу:
ИКАО: Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі 82 пайыз
Фото: BAQ.KZ - архив

ИКАО таяу жылдары Қазақстанда ұшу қауіпсіздігіне тексеріс жүргізуді көздеп отырған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) келесі жылға арналған ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастыруға тексерулер жүргізу бойынша әмбебап бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының ИКАО ЕВ 2023/29 электрондық бюллетені шығарылды. Бұл жоспар мүше мемлекеттердің авиациялық билік орындарының ИКАО-ның алдағы кезеңге жоспарланған тексерулерін ұсынады.

ИКАО тәуекелдер көрсеткіштерін, алдыңғы тексерулердің нәтижелерін, мемлекеттегі авиациялық қызметтің ауқымын және анықталған кемшіліктерді жоюда мемлекеттер қол жеткізген прогресті қоса алғанда, әртүрлі факторлар негізінде әмбебап бағдарлама шеңберінде тексерулер жүргізу үшін мемлекеттерді таңдауды жүзеге асырады.

Жарияланған жоспарға сәйкес ағымдағы және келесі жылы Қазақстан Республикасының авиациялық билігі ИКАО аудитін жүргізу жоспарланбайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 82%-ды құрайтынын атап өтеміз, бұл Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігіне (EASA) мүше елдердің орташа көрсеткішімен салыстыруға болады.

Өзгелердің жаңалығы