ІІМ: Жыл басынан бері адам саудасына байланысты 100-ден астам қылмыс жасалды

28 Шілде 2023, 11:48
1379
Бөлісу:
ІІМ: Жыл басынан бері адам саудасына байланысты 100-ден астам қылмыс жасалды
Фото: Арман Мухатов - архив

Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 100-ден астам қылмыс жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасының бастығы Самат Құсетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Адам саудасымен байланысты қылмыстар сексуалдық эксплуатациялау, еңбекке мәжбүрлеу, асырап алу үшін жаңа туған балаларды сату, қайыр сұрату, адам ағзасын саудалау мақсатында жасалады. Көп жағдайда қылмыс ұйымдасқан сипатқа ие. Мысалы, жыл басынан бері 110 қылмыс жасалған. Оның бесеуі – эксплуатациялау мақсатында бостандығынан заңсыз айыру, 14-і – жезөкшелікпен айналысуға тарту болған. Құрбандардың 7-уі – кәмелет жасына толмағандар, 24-і – адам саудасына ұшыраған, соның ішінде, 16-сы – кәмелетке толмағандар, 67-сі – жеңгетайлық пен притон ұстау қылмысы, - деп атап өтті Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасының басшысы.

Айтуынша, жыл сайын 100-ден астам қылмыс тіркеледі.

5 ұйымдасқан топқа дейінгі қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолы кесіледі. Бахрейн Корольдігіне, Оңтүстік Кореяға және өзге де мемлекеттерге құлдыққа жіберу үшін азаматтарды шетелге әкететін арналар жойылады. Мұндай қылмыстың жасалуының негізгі себебі – әлеуметтік-экономикалық процестер, криминалдық бизнестің табыстылығы. Адам саудасымен айналысатындар материалдық баюды көздеп құрбанды алдау мен күш көрсетудің түрлі тәсілдеріне барады, - деді Самат Құсетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде адамдардың не себепті жоғалатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы