ІІМ жолдағы сақтық шаралары туралы ескертті

14 Қараша 2020, 17:05
1584
Бөлісу:
ІІМ жолдағы сақтық шаралары туралы ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа-райының бұзылуы кезінде жол қозғалысына қатысушылар барынша сақ болуы қажет, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.

Қысқы кезеңнің басталуы кезінде орын алатын жол-көлік оқиғаларының басты себептері - жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамауы. Қысқы ауа-райы кезінде жүргізушілер жолда барынша сақ болып, дөңгелектерін уақтылы ауыстыруы тиіс, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бірқатар өңірлердің тұрғындарына автожолдармен жүруден бас тартуды және ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларда берілген ұсыныстарды орындауды ұсынады. 
Мәселен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында ауа температурасы төмендейді, түнде бұл өңірлерде -10 градус аяз, кейбір жерлерде бұрқасын болады. Бірқатар өңірлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтілуде, - делінген таратылған ақпаратта.
ІІМ жүргізушілерді жаяу жүргіншілерді көрген кезде ерекше сақ болуға шақырады. Жолда қиын жағдайға тап болған жол қозғалысының барлық қатысушылары тәулік бойы ішкі істер органдарының бөлімшелеріне жүгіне алады.

Осы жылдың қараша айынан бастап 352 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 80 адам қаза тапты, 395 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. 
 

   
Өзгелердің жаңалығы