ІІМ: Жол ережесін бұзған 14 мыңға жуық көліктің нөмірі тәркіленді

14 Қараша 2022, 12:59
581
Бөлісу:
ІІМ: Жол ережесін бұзған 14 мыңға жуық көліктің нөмірі тәркіленді

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, ведомство жол жүру ережесін бұзғандарды анықтайтын арнайы қосымшамен ойлап шығарған. 

Ішкі істер министрлігі әзірлеген «Қорғау» қосымшасы полицейге жол ережесін бұзушыны анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарлама көше камераларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейдің планшетіне қауіпті жүргізушінің оған жақындағаны туралы сигнал береді. Бұл жол қозғалысы ережесін қасақана бұзушы немесе машинаны жоғары жылдамдықпен басқаратын жүргізуші болуы мүмкін, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сондай-ақ ол жобаның бірнеше қалаларда жұмыс істеп тұрғанына тоқталды. 

Қазір мұндай жоба Астана, Алматы және Шымкент, Өскемен, Атырау және Түркістан қалаларында жүзеге асырылып отыр. Аталған өңірлерде 1 мыңнан астам автокөлік айыппұл тұрағына қамалды. 13, 5 мың бұзушы автокөліктің нөмірлік белгілері тәркіленді. Жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың 726 фактісі анықталды. Басқару құқығы жоқ немесе бұрын осындай құқықтан айырылған 2285 жүргізуші ұсталды, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ел аумағында қысқы шинаға ауыстырылмаған көлікпен жүруге тыйым салынатыны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы