ІІМ: Жеті күнде 3 мыңнан астам қылмыс жасалды

24 Шілде 2023, 11:07
605
Бөлісу:
ІІМ: Жеті күнде 3 мыңнан астам қылмыс жасалды
Фото: Арман Мухатов - архив

Өткен аптада республика аумағында 3 мыңнан астам қылмыс жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Бір апта ішінде 3011 қылмыс жасалды, оның 1810-ы тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.

Айтуынша, тәртіп сақшылары «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 5 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 34 тонау және 430 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Өзгелердің жаңалығы